Бүркіттің әкесімен түскен видеосы жұрттың жүрегін елжіретті

Халыққа Бүркіт атымен танылған әнші Айбек Жансейітов Instagram желісіндегі парақшасында әкесімен бірге түскен видео жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр

Отандық эстрада жұлдызы аталған видеоны жазбамен толықтырды.

«Жұма мүбәрак. Ниеттеріңіз қабыл болсын», — деді ол.

Мұны көрген көпшілік әншінің әкесіне ұзақ ғұмыр тілеп, жағымды пікір жазып қалдырды.

«Ата-анаңды алақаныңа салып мәпелеп отырсың. Бала болса, сендей болсын, көпке үлгісің. Келін де сондай тамаша жан», «Қарап отырып жылаймын»,«Мейрімді ұл екеніңіз көрініп тұр», «Мықтап ұста әкеңді, ол қартайды», «Ата-анамых аман болсын», «Алла разы болсын», — деп жазды жұрт.