«Баланы жылаттың»: Ерке Есмахан күйеуінен не үшін сөз естігенін айтты

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан күйеуі Raim-нан ұлымен суретке түскені үшін сөз естіп қалғанын айтты. Сөзінше, әнші фото жасағанша баласы қатты жылаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/erke_esmahan

 

Ерке Есмахан мен Raim-ның ұлы Ислам алты айға толды. Атаулы күнге орай жұлдызды ана Instagram-дағы парақшасында баласымен жаңа сурет жариялауды жөн көрген. Алайда өнер иесінің бұл ойы күйеуіне аса ұнай қоймаған Фотоға түсіп жатқанда ұлы қатты жылап, сол үшін әнші ару жолдасынан сөз естіп қалған. Raim Еркені баланы жылатып қойып, фото жасағаны үшін сынға алған.

«Осы жерде балапан бақырып, қатты жылап тұр. Түрін көрсеңдер ғой. Мен суретке түсіп әуремін. Әкесі «баланы жылаттың» деп, маған ала көзімен қарап тұр. Аяғына аяқ киім шақ келмейді», - деген жазба қалдырды эсьтрада жұлдызы.