Марқұм Салтанат Нүкенованың анасы Жұмагүл Нүкенова әлеуметтік желіде жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол туған күнімен құттықтаған жандарға алғысын айтты.
«Жыл сайын қызым жылы тілегімен, гүл шоқтарымен құттықтайтын. Жылда қызым мен ұлым Астанадан құттықтап келіп, тосынсый жасайтын. ...Барлығыңызға рақмет. Бүгін сіздердің жылы лебіздеріңіз арқылы Салта құттықтағандай болды», - деді ол.
Айта кетейік, Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталған еді.