Ата-енесімен түскен ерекше суретін жариялаған Ерке Есмахан елді тәнті етті

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан ата-енесімен қалай уақыт өткізіп жатқанын көрсетіп, желіде ерекше отбасылық суретті жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады. 

Фото: Фото: Instagram/erke_esmahan

Ерке Есмахан Оралдан Алматыға ата-енесі келіп, ерекше отбасылық күндер өткізіп жатқанын айтты. Өнер иесі күйеуінің ата-анасына оңтүстік астананың әсем жерлерін көрсетіп, оларды қаланың үздік мейрамханаларына апарып жүр. Шоу-бизнес жұлдызы жанұясымен қалай уақыт өткізіп жатқанын Instagram-дағы парақшасында көрсеткен. Ол күйеуі, ұлы мен ата-енесімен түскен ерекше суретті жариялап, елді тәнті етті. 

Сонымен қатар әнші ару енесіне қандай сыйлық тарту еткенін де айтты.

«Мамаға бриллиант пен бренд сыйладық», — деп жазды Ерке.