Халыққа «Рауза» сериалымен танымал әнші әрі актриса Жарқынай Ханайым Instagram желісіндегі парақшасында сезімге толы видео жариялады, деп хабарлайды kaz.nur.kz.
Жарқынай видео астына «Әнді алғаш рет қайда тыңдадыңыз?» — деген жазба қалдырды.
Мұны көрген көпшілік әншінің нәзіктігі мен даусына таңданды.
Актрисаның видеосына Балжан Бидаш, Мөлдір Әуелбекова, Меруерт Мүсірәлі мен басқа да өнер жұлдыздары пікір білдірді.
Әншіге өзге де желі қолданушылары жағымды пікір қалдырды.
«Керемет», «Сіз мойындайтын әншісіз», «Сізге арналған ән ғой», «Жүрегім жылып қалды», «Дауысың жанға әсер етеді», «Дем аласың», «Дауысың ерекше», — деп жазды жұрт.