Елімізге белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының ұлы оған күтпеген жерден тосынсый жасап, анасын дүйім жұрттың алдында қуантты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
БАҚ өкілінің перзенті анасы қатысып жатқан форумға күтпеген жерден кіріп келіп, анасына бір құшақ гүл берді. Мұндай тосынсыйды мүлдем күтпеген жүргізуші таңданысын жасыра алмады.
«Бала тәрбиесіне қатысты форумнан үзінді. Балам тосынсый жасап, гүлін сыйлағанда қуанғанымды көрсеңіз. Балаларымыз тіл-көзден аман болсыншы», - деп жазды тележүргізуші Instagram-дағы парақшасында.
Желі қолданушылары ерекше отбасылық сәтке тәнті болып, анасы мен баласына жылы лебізін білдірді.