«Жігіттер талқандап кетті»: Мақпал Жүнісова быт-шыты шыққан үйін көрсетті

Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова тоз-тозы шыққын үйін көрсетіп, үйінде жөндеу басталғанын хабарлады, деп жазады jambylinfo.kz.

Кадр из видео

Мақпал Жүнісованың айтуынша, оның үйі көптен бері жөндеу көрмеген және бер жағы жылтырап тұрғанымен, үйіндегі құбырлар әбден тозған көрінеді.

«Қайырлы таң, оқырмандарым! Құдай-ай, бұрын үйім өзіме жақсы сияқты көрінетін. Бәрін ашып қарасақ, астының бәрі шіріген. Беті ғана жылтырап тұр екен ғой. Үстінгі қабаттағы дәретхананың құбырлары жарылып, су кетті. Темір де тозады деген осы екен ғой. Жігіттер талқандап кетті. Жөндеу аяқталғанша ұйқы жоқ», - деді Жүнісова.