«Ақшасы болу керек»: Динара Қырықбаева жігіттердің бойында қандай қасиетті бағалайтынын айтты

Отандық әнші Динара Қырықбаева Instagram желісінде оқырмандардың сұрағына жауап берді. Көпшілік эстрада жұлдызының жеке өміріне қызыққан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/kyrykbayeva

«Тез-ақ өтіп кеттім. Шынында әркім қайғысын әртүрлі жеңеді. Менің айтар ақылым – өзіңізбен жұмыс істеңіз. Солай дұрыс шешімге келесіз. Құшақтадым», — деп жазды Динара.

Одан бөлек әнші ер адамның бойында қандай қасиетті бағалайтынын айтты.

«Әзілқойлық. Ақша маңызды деп айтпай-ақ қояйын. Әрине, ақшасы, тірлігі, жұмысы болу керек», — деді ол.