Әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова ауруханаға түскен. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Актрисаның айтуынша, ол 2016 жылдан бері бас ауруымен күресіп келеді екен. Алайда, кезіндегі коронавирус пандемиясының кесірінен емі үзіліп қалған көрінеді.
«Осыдан екі күн бұрын ауруханадан бірақ шықтым. Қазір ем қабылдап жатырмын. Неврология бөліміндемін. Әзірге дәрігерлер нақты диагноз қойған жоқ. Алдымен, ем алуым керек екен. Қан талдамасын тапсырып қойдым. Ертең МРТ аппаратына түсіреді, сосын бәрі белгілі болады. Сондықтан ауырмаңыздар. Негізі 2016 жылдан бері ем қабылдап келе жатқан едім. Кейін карантиннің салдарынан ем алуды ұмыттым. Әйтпесе, әр алты ай сайын ем алуым тиіс еді. Қазақилыққа салынып, «басымның сақинасы ұстап тұр» деп немесе «шай ішпегеннен шығар», «біреуден сөз есітіп, соның салдарынан шығар» деп немқұрайлық танытамыз. Негізі олай болмайды, бастың жөні бір бөлек екен», - деген аурухананың төсегіне таңылған актриса.
Оның жанкүйерлері тез сауығып кетуін тілеген.