Халықтың сүйікті әншісі Димаш Құдайберген instagram парақшасында атасымен түскен фото жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол бала кезінде атасы Құдайберген Айтбаевпен түскен фотосуретімен бөлісіп, әсерлі жазба қалдырған.
Әнші көптеген бағдарламада ата-әжесінің қолында тәрбиеленіп, оларды "мама, папа" деп атайтынын айтқан болатын.
«Мәңгі жүректесің, папа...», — деп жазды әнші.
Естеріңізге салсақ, былтыр 2023 жылғы 13 маусымда 82 жастағы Димаштың атасы Құдайберген Айтбаев қайтыс болған еді.