Әнші Дильназ Ахмадиева жігітімен айырылысқанын айтты. Олардың қарым-қатынасы бірнеше айға созылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Дильназ Ахмадиева жеке өміріндегі жаңалығын айтып, жаңа сүйіктісін таныстырған еді, ол - қоюшы-оператор Сергей Набоков.
Әлеуметтік желіде оқырмандарының сұрақтарына жауап берген өнер иесі Сергеймен енді бірге емес екенін мойындады.
«Сережа екеуміз бір ай бұрын екіге кеттік. Бұл жолы мәңгіге», - деді Ахмадиева.