«Сен де бір күні менің күйімді кешесің»: Нұрболат Абдуллин жан сырын ақтарды

Танымал әнші Нұрболат Абдуллин әлеуметтік желідегі парақшасында жан сырын ақтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: іnstagram.com/nurbullin

Өнер иесі оқырмандарын әкемен жақсы қарым-қатынаста болуға шақырған.

«Сен бәлкім әкеңмен ренжісіп қалған шығарсың, айтқанын тыңдамаған шығарсың, өтірік те айттың ғой. Себебі оның бәрін қабылдайтын әкең бар, мен бақыттысың, мен саған қызығамын. Бірақ сен де бір күні менің осы бір күйімді кешетінің ақиқат. Иә, білем, ойлаудың өзі қорқынышты. Саған айтарым, әкеңмен жақсы бол, анаңмен сырлас! Мен үшін әкеңді бір құшақтап қойшы», - деп жазған ол.