Әнші Дильназ Ахмадиеваның «Кеш» деп аталатын жаңа әні Салтанат Нукеноваға арналған, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
«Жантүршігерлік қорқынышты трагедия туралы елмен бірге естідім. Бірге жыладым, ұйықтамадым, уайымдадым, көп дұға еттім. Алайда менің қолымнан келгені тек Салтанатқа арнап ән жазу болды. Айтбек Амангелді, бәрі үшін рақмет. Отбасыңыз үшін қаншалықты ауыр екенін елестете алмаймын. Бәріңізге денсаулық, күш-қуат тілеймін. Ән адамдардың жүрегіне жетеді деп үміттенемін», — деп жазды ол.