Өзінен сегіз жас кіші актерға тұрмысқа шыққан Жанель Мақажан отадан кейінгі жағдайын айтты

Танымал актриса Жанель Мақажан кеше мұрнына ота жасатқан болатын. Өнер иесі бүгін әлеуметтік желідегі парақшасында операциядан кейінгі жағдайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: Жанель Мақажан

Актриса өзін жақсы сезінетінін жазған.

«Барлығына сәлем! Өзімді бірқалыпты сезінемін, кішкене әлсіздік бар, бірақ мен жағдайымда бұл қалыпты жағдай. Олар менің қабырғамнан шеміршек алды, енді орны ауырып тұр», - деп жазды ол.