«‎5 минут отырып, шығып кеткен»‎: Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-дан 1 балл алған оқушыға қатысты мәлімдеме жасады

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-дан бір ғана балл алған оқушыға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz

Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова ҰБТ-да мұндай нәтиженің тіркелгенін растады.

 «‎Біз бұл баланың ол нәтижеге дейін де ҰБТ тапсырып, 90 балдан жоғары нәтиже көрсеткенін хабарлаған едік. Бір ұпай жинаған ҰБТ-да оқушы небәрі бес минут отырып, шығып кеткен. Сәйкесінше осындай нәтиже болды. Бұл туралы оқушы өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында жазды‎»‎, – деді орталық өкілі. 

Бұл ретте орталық өкілі бұл нәтиженің Қазақстан бойынша жалғыз жағдай екенін атап өтті

 «‎Бір ұпай жинаған бір ғана түлек бар, одан басқа мұндай төмен нәтиже жоқ »‎, – деді Наужан Дидарбекова. 

Еске салсақ, бұған дейін желіде ҰБТ-дан 1 балл жинаған қазақстандық түлектің видеосы тарағаны туралы жазған едік.