Танымал актер Жахан Отарғалиев халықтан 44,5 млн теңге жинап, үй алды

Танымал актер Жахан Отарғалиев блогерлермен бірігіп үш күннің ішінде халықтан 44,5 миллион теңге жинап, үй алды,  деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: instagram.com/zhahan_utargaliyev

Бұл туралы Жахан Отарғалиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, сүйінші сұрап, халыққа алғысын айтты. 

«‎Мына керемет эмоцияның демеушісі - сіздер. Біз 44 500 000 теңгені 3 күнде жинадық, сенесіз бе? Бұрын-соңды мұндайды көріп пе едіңіз?»‎, —  деген актер жиналған қаражатқа мұқтаж отбасыға үй әперетінін айтқан. 

Айта кетейік, актер Жахан Отарғалиев соңғы кезде мұқтаж адамдарға баспана сыйлау бойынша қайырымдылық шараларын ұйымдастырып жүр.