Таяуда әнші Төреғали Төреәліні ақсуаттықтар он сағат бойы тікесінен тік тұрып күткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желідегі мәліметке сүйенсек, Төреғали Төреәлі Ақсуат қаласында жеке концертін өткізген. Бірақ шоу-бизнес өкілі тыңдармандарын 10 сағат күттіріп қойған.
«Мен Алматыдамын. Алматыға келе сала жұмыстарды бастап кеттік, әзірге Ақсуатта өткен концерттегі қызықтарды бөлісейін. Халқым мені, мен халқымды сағынып қалыппыз. Аллам абыройдан айырмасын!» — деп жазды әнші.
Ал Қазақстан эстрадасының жұлдызы халықты ұзақ күттіргенін ашық мойындады.
«Көптен күткен Төреш ағаны 10 сағат бойы тік тұрып күтіп тұрды. 25 мың халық 20.00-ден бастап күтті. Осындай керемет эмоция сыйлаған жандарға мың алғыс», — деп жазды желіде әншінің бір оқырманы.