«Түк көрмегендік»: Баян Алагөзова әнші Ұланғасыр Қамиды сынап тастады

Жуырда жас әнші Ұланғасыр Қамидың «әйеліме хиджаб кигіземін, хиджабқа көнетін әйелді аламын» деген сөзі желіде тараған еді. Осыған байланысты танымал продюсер Баян Алагөзова пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Фото: «Без мишуры» youtube-арнасынан алынған кадр

Оның пайымдауынша, жас әншінің бұл сөзі «қараңғылық пен түк көрмегендік».

«Түк көрмегендік пен қараңғылық қалыпты жағдайға айналып барады. Темір іш киім киіп алшы, өтініш, жарай ма?» — деп жазды продюсер желідегі парақшасында.