Танымал әнші, актриса Дариға Бадықова хиджабқа қатысты өз пікірін әлеуметтік желіде білдірді, деп хабарлайды «ИА NewTimes.kz».
Кинопродюсерден Дариға Бадықова әлеуметтік желіде оқырманы хиджабты киіп, қайта шешіп жүргендерге қатысты жеке көзқарасын сұрады. Дариға Бадықова алғашқыда қысқа ғана қайырып, жауабы жоқ екенін айтқан.
«Оранып, шешініп жүретіндер жайында әзірге жауап жоқ», – деп бөліскен.
Кейін тағы бір оқырманы Дариға Бадықовадан хиджаб туралы кеңес сұраған. Бұл жолы танымал актриса дінге қатысты кезекті сұраққа толыққанды жауап беріп, өз ойымен бөлісті.
«Негізі ше, дін жайында әңгіме қозғағым келмейді. Әркімнің өз түсінігі, әрекеті бар. Хиджабқа келер болсақ, оны айыптайтын біз емес. Өздері біледі. Шешіне ме, жалбырай ма, мода көрсете ме?! Рух төмендесе, жан мен тән, теңеспей қалады. Кім қалай түсінді?» – деп оқырмандарына қайта сұрақ қойды.