Мақпал Жүнісова марқұм болған Мәдина Ералиеваны есіне алды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі.
Мақпал Жүнісова оқырмандарын қазақтың күміс көмей әншісіне Құран бағыштауға шақырды.
«Бүгін марқұм Мадина Ералиева әпкеміз арамызда болғанда 70 жасын тойлар еді. Құран бағыштап қояайық. Артында қалған ұлының отбасы өркендей берсін, топырағы торқа болсын!» – деп Instagram парақшасында жазды.
«Қазақтың Ақбаяны» атанып кеткен әнші, ерекше дауыс иесі Мәдина Ералиева 2000 жылы көлік апатынан көз жұмған.