Erke мен RaiM Америкада өтетін концерттің билет бағасын айтты

Erke мен RaiM қыркүйек айында АҚШ-тың төрт қаласында концерт беруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі.

Фото: instagram/ Ерке Есмахан

Американың Нью-йорк, Чикаго, Лос-Анджелес және Хьюстон қалаларында өтетін концерттің билеті 55-75 доллар шамасында.

Алайда алдағы уақытта билеттердің бағасы өзгеріп, қымбаттап кетуі мүмкін екенін хабарлады. Концертке билетті арнайы платформадан алуға болады.

Жұлдызды жұптың айтуы бойншы, Хьюстондағы концерт 4 қыркүйек, Чикагодағысы 5 қыркүйек, ал Лос-Анджелестегі концерт 6 қыркүйекке жоспарланған.

Әншілер ең соңғы болып Нью-Йоркте 7 қыркүйек күні өнер көрсетіп, АҚШ-тағы турын аяқтайды.