«‎Мәселені шешуге 500 мың доллар сұрады»‎. Алмас Өтешов допинг қабылдағаны үшін қанша айыппұл төлегенін айтты

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов допинг қабылдағаны үшін 50 мың доллар айыппұл төлеген. Бұл туралы «‎Уақыт көрсетеді»‎ Youtube-жобасына берген сұхбатында айтты,—  деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: «‎Уақыт көрсетеді»

Ал допинг мәселесін шешуге 500 мың доллар сұралған.

«‎Венгрияда Будапештте соттасқан кезде мен 50 мың доллар айыппұл төледім. Одан кейін допинг мәселесін шешуге 500 мың доллар сұрады. Менде мұндай ақша қайдан болсын? Өзім 50 мың долларды әрең төледім. Сөйтіп біз Александр Винокуровтың авдокатын жалдадық, сол адвокат та 500 мың доллар сұрады. Мен мұндай ақшаны қайдан табамын?»‎—  деді ол.