«Музарт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев 50 жасында ана атанған Баян мақсатқызын ерекше құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Баян Мақсатқызы 50 жас, ой, 18 жас мерейтойын тойлағанда бата көкпар бергендей бәріміз жақсы тілек жаудырып едік. Балапанның бауы берік болсын! Ақылды, білімді, саналы, өнерлі болып өссін. Тұрсын мырза мен Баян ханымды құттықтаймыз!» – деп жазды әнші.
Сондай-ақ, өнер иесі өзінің де 50 жасында әке атануға қарсы емес екенін жасырмады.
«Алла қалап, менің де жүрегімнің ішіндегі жүрегім маған бір Елубай сыйласа кеш емес екен ғой деп қалдым. Ал мынау сол кешегі «бетімен кеткен» кезіміз. Сол мерейтойдағы көңілді естеліктерді салып қояйын», – деді ҚР мәдениет қайраткері.