Атырау облысы Индер ауданына қарасты Құрылыс ауылының тұрғындары референдумға толық қатысып, 100 пайыз дауыс берді.
Ауылдағы 379 сайлаушының барлығы өз таңдауын жасап, маңызды саяси науқанға белсенділік танытты.
Тұрғындар арақ-шараптан бас тартып, жастарды еңбекке баулып, қоғамдық өмірге белсенді араласуды дәстүрге айналдырған.
Ауылдағы барлық сауда орындарында ішімдік сатуға тыйым салынған.
Бұл — жергілікті халықтың өзара бірлігі мен қоғамдық тәртіпке деген құрметінің айқын көрінісі. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауылдың бірлігі мен жауапкершілігі референдумға қатысуда да көрініс тапты.
Құрылыс ауылының 100 пайыздық қатысуы — қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың жарқын үлгісі болып отыр.
Мәтін, фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі