Спорттық шара «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалының бастамасымен ұйымдастырылды.
Аталған жоба қалада үшінші рет өткізілуде. Жобаға 2000-нан астам жас пен жасөспірім қатысты.
Бастаманың басты мақсаты — өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, бұқаралық спортты дамыту және есірткіге қарсы саналы көзқарас қалыптастыру.