ОҚО «Қоғамдық келісім» КММ ғимаратында облыстық «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі лезгинканың екпінді үнінің ырғағымен өздерінің ұлттық тілі, дәстүрі және мәдениеті күнін атап өтті.
Оңтүстікқазақстандық вайнахтықтарды мерекесімен құттықтау үшін облыстық ассамблея хатшылығының қызметкерлері мен өзге де этномәдени бірлестіктердің төрағалары іс-шараға қатысып, жүрекжарды пікірлерін білдірді.
«Қиын-қыстау кезеңге тап болған өзге ұлт өкілдеріне қашанда қамқор болып, ағалық мейірімін аямаған. Алаш елі тағдырдың жазуымен жер аударылып келген түрлі ұлыстарға төрінен орын беріп, бір үзім нанын бөліскені белгілі. Сол үшін көптеген ұлыстардың өткен және бүгінгі буыны қазақ халқына шексіз риза», - деді өз сөзінде ОҚО шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Х.Бациев.
Мерекеде «Даймохк» шешен-ингуш ЭМБ-нің жас өнерпаздарынан құралған ансамбльдің орындауында тау халқының мәнерлі билері орындалды. Сонымен қатар, түрік этномәдени бірлестігінің «Ахыска», иран этномәдени бірлестігінің «Шамсинур» би топтары мерекенің шырайын арттыра түсті. Солардың ішінде, ең жас биші Парвиз Нарметовтың орындауындағы лезгинка биі көрермендерді еріксіз жаулап алды.
Оңтүстікқазақстандық вайнахтықтарды мерекесімен құттықтау үшін облыстық ассамблея хатшылығының қызметкерлері мен өзге де этномәдени бірлестіктердің төрағалары іс-шараға қатысып, жүрекжарды пікірлерін білдірді.
Шешен-ингуш халқының салт-дәстүрінде аналар мен әйелдерді ерекше құрметтеп, сыйлайды. Шешенстанның халық ақыны У.Яричеваның «Чеченской женщине»:
«Перетерпев и все, и вся на свете,
Под сердцем сохраняя жизни нить,
Ты умирала, чтобы жили дети,
И выживала, чтобы их растить…» - өлеңін мектеп оқушысы К.Джалелова нақышына келтіріп оқыды.
Іс-шара барысында шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Х.Бациев орталықтың қызметіне айтулы үлес қосып, белсенділігімен ерекшеленген бірқатар азаматтарды грамоталармен және алғыс хаттармен марапаттап, арнайы сыйлықтар мен гүл шоқтарын тапсырды.