«Ахыска» түріктері «Қазақстан - достықтың киелі бесігі» атты мерекелік іс-шара өткізді

Сайрам ауданы Ақсукент елдімекенінің мәдениет үйінде облыстық «Ахыска» түрік этно-мәдени бірлестігінің «Қазақстан - достықтың киелі бесігі» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараға облыстық ассамблея хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, облыстық этномәдени бірлестік төрағаларынан бөлек  Түркия Республикасының Қазақстандағы Бас консулы Рыза Каһан Иылмаз, əлемдік Ахыска түріктері «Датуб» қоғамының президенті З.И.Касанов қатысты. 

«Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі республикалық, облыстық, аудандық, ауылдық шараларға белсенді түрде қатысып, атсалысып тұрады. Қоғам филиалдары салауатгы өмip салтын ұстануға, келер ұрпақты төзімділік, адамгершілік рухында тәрбиелеуге ерекше көңіл бөледі. «Ахыска» Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетін өзара байытуға, Қазақстан мен Түркия арасындағы жан-жакты мәдени байланыстарды дамытуға себебін тигізуде. Осы ұлт өкілдерінің ішінен түрік халкының тарихын зерттеумен, тілін, мәдениетін, салт–дәстүрін сақтаумен және дамытумен және мәдени ағарту қызметімен айналысатын патриот азаматтар шыққан. 

«Түрік ұйымы диаспорада туындаған мәселелерді шешеді, Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттердің мемлекеттік және қоғамдык бірлестіктерінде түріктердің мүддесін қорғайды. Қазақстан түріктері арасында «Чичеклер» атты би ансамблі құрылған. Би ұжымы Қазақстан халықтар Ассамблеясы ұйымдастыратын барлық мерекелік іс-шараларда белсенділік танытады. Олар көркемөнерпаздар фестиваліне қатысып, бірнеше мәрте лауреат атағына ие болған.  2001 жылдан бастау алған гюреш атты түрік ұлттық күресі жыл сайын өткізіліп тұрады. Бұл сайысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстанның спорт  шеберлері қатысады. Бейбітшілік пен ұлт ынтымақтастығын сақтай отырып, Қазақстандағы түрік қоғамының ұлтаралық қызметін ең басты мақсатқа қойып отыр, - деді əлемдік Ахыска түріктері «Датуб» қоғамының президенті З.И.Касанов өз сөзінде.   

Іс-шара барысында бірқатар азаматтар түрлі марапаттауларға ие болып, соңы концерттік бағдарламаға ұласты.