Шымкентте неміс халқының тарихына арналған көрме өтті. Сұрапыл соғыс жылдары КСРО-дан жеңіліс тапқан Германия халқы жан-жаққа жер аударылған болатын.
Сол кезде неміс ұлтының 1 миллионнан астам өкілі тағдыр тауқыметімен Қазақстанға тап болды. Ал, еліміз тәуелсіздік алып, тоталитарлық жүйе құлдыраған кезеңде батыстан жер аударылғандардың біразы тарихи отанына оралды. Бұл күндері қазақ мемлекетінде ат төбеліндей ғана қалған қауым этностың ауыр тарихын баяндайтын көшпелі көрме ұйымдастырды.
Бұл күнде елімізде 180 мыңнан астам неміс ұлтының өкілдері тұрады. Ал, өңірімізде 2530 неміс бар. Олар салт дәстүрінен ажыраған емес. Еркін өмір сүруде. Шымкентте неміс мәдени орталығы, ал, Кентау, Сарыағаш, Ленгер, Ақсукент қалаларында өкілдіктері жұмыс істейді.
Йосиф Бахман, неміс этномәдени орталығының төрағасы;
- Сіздер білесіздер сұрапыл соғыс жылдары неміс халқы Қазақ даласына жер аударылды. Поволжье неміс республикасы тұтастай таратылды. Тағдыр тауқыметімен немістер Қазақстанға келді.Осы жылдар аралығында немістер осы елге сіңісіп, Қазақстанды отаным деп біледі. Бүгінгі көрме Қазақстандағы неміс халқының бүгінгі жағдайын паш етеді.
Соғыстан кейінгі жылдары қазақ халқы өзі қиын күнді бастан өткерсе де жер аударылған өзге ұлт өкілдеріне құшағын айқара ашты. Тарыққанға тай берген мейірбан, меймандос халыққа үркердей ұлттың айтары алғыс қана. Бұл көрме - соның айғағы.
Көрме Қазақстандағы неміс халқының тарихы мен мәдениеті иллюстрацияланған, тарихи құжаттар және түсініктемелер берілген 15 бөлімнен тұрады. Қазақстан экономикасы мен қоғамның жаңғыруына, Қазақстан-Германия Халықаралық қатынастарының айғаны - «Возрождение» туындысында жан-жақты жазылып, қызметіне ерекше назар аударылған.