Фотобайқауда Конституцияның 20 жылдығы бойынша жеңімпаз атанды

Астанадағы Ұлттық музей Қазақ хандығының 550 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы сынды атаулы даталарға арнап «Тарихи фотосуреттер» атты республикалық фотобайқау жариялаған болатын.

Сол байқаудың қорытындысы нәтижесінде шымкенттік фотограф Мақсат Шағырбаев Конституцияның 20 жылдығы  мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

– Біздің бейбіт заманда өмір сүріп жатқанымыз бірінші Алланың, екінші ата-бабаларымыз ат үстінде ұйықтамай, жауын жер жастандырып, қасық қаны қалғанша қорғағанының арқасы. Бізге құсұшсақанатыталатын, атшапсатұяғыталатынұлан-ғайыржерді аманат етті. Кезінде жауына найза ұстап шапқан батыр бабаларымыздың ұрпағы бүгін кең далада көк туын жел біретіп алға қарай шауып бара жатқанын фотосурет арқылы жеткізгім келді.

Сондай-ақ, елімізде мекендеген түрлі ұлт өкілдерінің  тату-тәтті бір шаңырақ астында ғұмыр кешіп жатқанын көрсеткен суретім де жүлде алып, қуанышқа кенелтіп отыр, – дейді Мақсат Шағырбаев. 

Енді жеңімпаздар 2016 жылдың қаңтар айында арнайы марапатталып, Ұлттық музейдекөрмес іұйымдастырылады.

Айта кетейік, Қазақстанды демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекіткен Ата Заңымыз - Конституцияға 20 жыл толып отыр.

1995 жылы 30 тамызда елдің жаңа Конституциясын қабылдау жөнінде бүкілхалықтық референдум өтіп, оған сайлаушылардың 90,58 пайызы қатысты. Олардың 89,14 пайызы жаңа Конституцияның қабылдануын қолдады. 1998 және 2007 жылдары ҚР Конституциясына елеулі өзгерістер енгізілді.

«Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып,өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып осы Конституцияны қабылдаймыз», деп басталатын Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

Конституция - мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерді орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл Тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші Конституциясы. Алғашқы Конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.

Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады. Әрине, тарих ауқымынан алып қарағанда, 20 жыл аз ғана мерзім. Десе де, осындай алмағайып заманда Қазақстанның Ата заңы уақыттың сынынан сүрінбей өтті, өзінің заман талабына лайықтығын жан-жақты дәлелдеді. Ал көптеген зерттеушілердің пікірінше, Қазақстанның Конституциясы әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның қатарында тұр.