Павлодарлық дәрігерлер жүрек аритмиясын «криоабляция» әдісі арқылы емдеуде

Павлодарда облыстық кардиологиялық орталықтың дәрігерлері жүрек аритмиясына ота жасаудың жаңа «криоабляция» әдісін енгізген, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттіктің тілшісі.

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымовтың ақпаратына сүйенсек, криобляция тәсілі тамыз айында қолданыла бастаған. Бүгінде ақ желеңділер осы әдіс арқылы төрт науқасқа ота жасаған.

«Дүние жүзінде криоабляция әдісі қолданыла бастағанына көп уақыт өткен жоқ. Мұндай ота жүректің белгілі бір аумақтарына суықтың түпкілікті әсер етуін қамтамасыз етеді», ― дейді Нұрлан Қасымов.

Денсаулық сақтау басқармасы ұсынған мәліметке сүйенсек, Павлодар облыстық кардиологиялық орталығының іргетасы қаланған кезден бері 10 мың ота жасалған. Оның 4563-і ашық жүректе, 450-і балаларға жүргізілген. Шеберлік саныптарын жүргізу үшін алыс және таяу шетелден 14 жетекші маман шақырылып, олардың көмегімен павлодарлық мамандар бірегей оталарды жүзеге асырған. Минсктен «Кардиология» орталығы кафедрасының жетекшісі, профессор Юрий Островский Дэвид, Бантала де Боно оталарын жасауға келу керек. Сондай-ақ, Беларусь елінің штаттан тыс балалар кардиохирургі, «Кардиология» орталығы директорының орынбасары Юрий Чеснов Павлодарда балалардың жүрегіндегі күрделі ақауларды түзету бойынша шеберлік сыныбын өткізген.

Бұдан басқа, Литва елінің Каунас қаласындағы ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры, профессор Римантас Бенетистке шеберлік сыныбын ұйымдастыру үшін шақырту жолдағанбыз. (Литва) Вильнюстен жүрек-тамыр хирургиясы орталығының директоры, профессор Виргилиус Тарутис павлодарлық кардиологиялық орталықта қарынша аралық қалқа ақауынан кейінгі пластиканы енгізуге көмектесті.

«Кардиологиялық орталықта Ресей, Қытай, Венгрия, Жапония және Түркия елдерінің мамандары болған. Олар 10-нан астам шеберлік сыныбын өткізіп, жаңа әдістерді енгізу бойынша тәжірибе бөлісті. Үш жылдан бері павлодарлық мамандар жүректің электрофизиологиялық зерттеулерін сәтті жүзеге асыруда», ― деді Нұрлан Қасымов.

Айта кетерлігі, жалпы кардиологиялық орталықта облыс бойынша 60711 адам диспансерлік есепте тұр. Оның ішінде Екібастұз қаласында 7812 және Ақсуда 4721 адам жүрек қан тамырлары ауруларымен аурады. Аудандар арасында Ертіс, Павлодар, Качир аудандары көш бастап тұр. Орталықтың алты маманы өткен жылы Қытай, Литва, Беларусь және Франция елдеріне  оқуға барып келген.