Дін бірлікке бастайды

Алла тарапынан білдірілген әмір, міндет және тыйымдардың жиынтығын дін деп атайды. Дін – үлкен ғылым. Ислам діні қоғамға және ізгі адам баласын адамгершілікке баулуға қызмет етеді.

Діндердің таралуының арқасында біздің мәдениетіміз қалыптасты. Әлемдік діндердің бірі – ислам діні имандылыққа, татулыққа, бірлікке, әдептілікке, ұқыптылыққа бастар жол.

Мұсылман әлемі мен мәдениеті өте ежелгі әрі қызықты тарихи оқиғалардан құралған. Ислам діні – әлемдік діндер ішіндегі ең кең тараған қасиетті дін. Ол Араб түбегінде VII ғасырда пайда болған. Ислам дінінің негізін салған  - Мұхаммед ибн Абдулла әбн Әбді Мүтәліб ибн Хашим. Мұхаммед Пайғамбар Меккеде 13 жыл, Мединеде 11 жыл араб халқын Ислам дініне үгіттеген. Діни ұғым бойынша, Алла бар, ол біреу және бәрі соның қолында. Алладан басқа табиғат құбылыстарына, қолдан жсалған мүсіндерге, рухтарға табынуға, сыйынуға болмайды. Діннің басты негізі және мұсылмандықтың кілті – «Лә иләһә илла Алла, Мұхаммед расул Алла», яғни «Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деген сөйлемде жинақталған. Мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құран Кәрім. Қасиетті Құранда 144 сүре бар. Оны ең қысқа сүресі 3 аяттан тұратын «Кәусар», ал ең ұзағы ұзағы 286 аяттан тұратын «Бақара» сүресі.

Ислам дінінің негізгі мақсаттарының бірі – бүкіл адамзат баласын бірлікте ұстау. Ислам – бейбітшілікке, адамгершілікке, махаббатқа бастар жол. Мұны ислам ғұламаларының баршасы айтып кеткен. Ал, қазіргі ислам атын жамылып, дәстүрлерді, тарихты жоққа шығарғысы келетіндердің шын исламға мүлде қатысы жоқ. Ислам діні ешқашан зұлымдықты жақтамайды, бейбіт халықты қырып салуға ешқашан үкім шығарған емес.

Исламның қайнар көзін қазақ даласына таратқан бабаларымыздың мұрасын жоққа шығарушылар – сәләфилік-уахабилік ағымды қолдаушылар және ұстанушылар. Олар Қожа Ахмет Иассауидің, Абай мен Шәкәрімнің еңбектерін жоққа шығарып, қазақтың сан-ғасырлар бойы сақталған дәстүрлерін «бидғат» пен «ширікке» балайды.

Біз исламның нағыз момындардың, бейбітшілікті қолдаушылардың діні екенін естен шығармай, дәстүрлі емес ағымдарды ұстанушыларға тойтарыс беруіміз керек. Күшпен емес әрине, біліммен! Тек қана таза ақыл мен рухани ілім бізді бүгінгі діни дағдарыстан алып шығады.

Оразхан Жүнісов,

Тарих пәнінің мұғалімі,

ОҚО Сарыағаш ауданы.