Мұсылман үшін бес парыздың бірі болып табылатын қажылық сапарға аттанған оңтүстікқазақстандық қария елді сүйсінтті, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.
ОҚО-ның 60 жастағы тұрғыны Тожали Акрамов қажылық сапарға велосипедпен аттану үшін бір жыл бойы дайындалған. Керек-жарағын түгендеп қана қоймай дәрігерлердің бақылауында болған ол туыстарының қарсылығына қарамастан жолға шығады. Алдымен Өзбекстанның Самарқанд қаласына барған ақсақал кейін Тәжікстан елін жүріп өткен. Қария бүгінгі таңда қасиетті Меккеге аман-есен жеткен. Аллаға құлшылық етуші мұсылман жолға алты күнін жұмсаған. Енді ол қажылық сапарында күллі Қазақстан үшін дұға етуді мақсат етіп отыр.