Астанада қоғамдық автобустардың бірінде хиджаб киген әйел азаматы өзге жолаушыларға қарата боқ ауыз сөз сөйлеп, көпшіліктің ашуын тудырды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Желіде тарап кеткен бұл видоеға қатысты жұртшылықтың пікірі екіге бөлінді. Бірі бейәдеп сөйлеп, жұрттың назарын өзіне аударған әйел спирттік ішімдік ішіп алған деп топшыласа, енді бірі хиджаб киген адамның намаз оқитынын алға тартып, оның әрекетін еш түсіне алмай дал болды. Дегенмен басым көпшілігі әйел азаматының психологиялық ауытқуы барын айтып, өзгелерден оны сөкпеуін сұрады. Бұл келіншекті сыртынан танитын желі қолданушысының жазған пікірінше, бұл келіншек Астана қаласындағы Ғылымани мешітінің алдында жиі жүреді екен және расымен де денсаулығында кінәрат бар көрінеді.
Ескерту: Видеода бейәдеп сөздер қолданылады!