Желіде «халал» деген таңбасы бар ыдыстағы кәуаптың фотосы пайда болды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
INSTAGRAM желісінің @zhaest_kz аккаунтында жұрттың жағасын ұстатарлық фото пайда болды. Онда «Шашлык на пикник» деген атау жазылған. Бір қызығы, таңдаулы шошқа етінен жасалынған хош иісті дәмдеуіштері бар бұл астың қорабында «халал» деген таңбаны анық байқауға болады. Бұл фото өзге де әлеуметтік желілерде тез тарап кетті. Оны көрген желі қолданушылары фотоның фотошоп бағдарламасымен өзгертілгенін айтып, жазба авторын сынның астына алды. Ал кейбірі мұны сұмдыққа балап, бұл тауардың нарыққа шығуына рұқсат бергендерді жазалауды талап етті. Айтпақшы, INSTAGRAM желісінде фотоны бөліскен автор кәуаптың қай қалада сатылымға шығарылғаны туралы мәлімет жазбаған.