Қазақстан тұрғыны Ресей əншісіне: «Су ішкен құдығыңа түкірме» (ВИДЕО)

Ресейлік Иванушки International тобының əншісі Андрей Апполонов Ақтөбеге барған кезінде қонақүйдегі жағдайды өз оқырмандарына жайып салды, деп хабарлайды NewTimes.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы əнші INSTAGRAM желісі арқылы өзі түсірген видеоны бөлісті. Өнер иесінің айтуынша, бұл Ақтөбедегі элиталы қонақүйлердің біріндегі жағдай. Тек Апполонов өзін қонақ еткен бұл мекенде сырты бүтін болғанымен, бөлмелерінде келуші үшін жағдайдың жасалмағанына қынжылды. Дизайны жағынан көз тартарлық қонақүйде байланыс телефоны, теледидары жұмыс істемейді. Ал тоңазытқышты қосу тіптен мүмкін болмаған.

Автордың бұл видеосын тамашалағаны фолловерлері əншіге жаны ашып, Қазақстанның қонақжайлылығы төмен екенін алға тартса, келесі бірі Иванушки тобын біраздан бері Ресейде көбі елемейтінін, сол себептен Қазақстанның арқасында нан тауып, өмір сүріп жүргенін назарға алып, əншіге су ішкен құдығыңа түкірме деп кеңес берді.

В статье: