Жас жігіт ереже бұзған алматылық полицейлерді тығырыққа тіреп қойды (ВИДЕО)

Қызметтік көлік ішінде қауіпсіздік белдігін тақпай, міндетін атқарып жүрген алматылық полицейлер жас жігіттің алдында ұятқа қалды, деп хабарлайды Newtimes.kz ақпараттық агенттігі.

Ер азамат кептеліс кезінде тоқтап тұрған патрульдік полицейлерді көзі шалып қалады. Дереу шенді қызметкерлердің қасына жақындап, неліктен белдік тақпағанын сұрайды. Сол сəтте көлік ішінде отырған полицейдің бірі қолына телефонын алып, əлдекіммен сөйлесе бастаса, ал рөлде отырған шенді қызметкер жігітке қарап, үнсіз отыра береді. Видеоға түсіріп тұрған азамат олардан белдік тағып алуын өтінген соң қос полицей ұялған болу керек, қауіпсіздік əрекетін іске асыра жөнеледі. Бұл видео желіде лезде тарап, қолданушылардың ойы сан-саққа бөлінді. Басым көпшілігі видео авторын қос қолдап, "заң - бəріне ортақ" дегенді алға тартты. Полицейлердің əрекетін жақтап шыққандар болса, қауіпсіздік белдігі олардың қызметтік міндетін атқаруға кедергісін тигізеді деген пікірін қалдырды.

Айта кетерлігі, қызметтік көліктің мемлекеттік нөмірінен полицейлердің алматылық екенін байқауға болады.

В статье: