Шымкенттік заңгер әрі блогер Айгүл Орынбек күні кеше кезінде күйзеліске түсіп, есірткіге әуес болғанын халыққа мойындаған Мемлекет басшысының жиен немересі Айсұлтан Назарбаевқа ақыл айтты, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы ойымен Айгүл Орынбек Facebook желісіндегі парақшасында бөлісті.
«Айналайын Айсұлтан Назарбаев інім! Атамның қолынан жетектеп ел аралата алмадым. Өзіңнің қолыңнан жетектеп ел аралатайын.
Сенің мақалаңды соңына дейін оқып шықтым, ағыңнан жарылыпсың! Аш бала тоқ баламен ойнамайтын секілді. Сен тойып секірсең, мына жақта аштықтан секіріп жатқан халық бар. Наркомандар үшін орталық ашамын дейсің бе? Есірткіге ақша тапқан адам емделуге де ақша табады» деп жазған автор оған өз ақылын да жеткізді.
«Сен оданда былай істе! Халыққа шын пайдаңды тигізгің келсе, оның ішінде жастарға көмек бергің келсе, ауыл ауылды аралап, балаларға спорт комплекстерін аш. Халықтың əлеуметтік мəселесі өте төмен . Жертөледе, тоғайда өмір сүріп жатқан азаматтар бар, осылардың үйлі болуына жағдай жаса. Ауыз су, свет ,жол бармаған ауылдар бар, соның бəрін қамтамасыз етуге атсалыс. Сен халықтың жан күйзеліс түсінгенде ғана сен бойыңдағы жаман дертті жеңесің. Өйткені халықтың қиналғанын көрген адам есірткімен бас ауыртпайды. Халыққа жақсылық жасау сенің есірткең болсын, інім. Көмек керек болса, хабарлас! Əпкең əрқашан көмек беруге дайын!»,-деді заңгер.
Фото: Айгүл Орынбектің желі парақшасынан скриншот