ОҚО-да әжетханаға кондиционер орнатқандар қос жігітті қыран-топан күлкіге қарқ қылды (ВИДЕО)

Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында қоғамдық әжетханаға дейін салқындатқыш құрылғы орнатылған. Бұны көрген тұрғындар таңданысын жасырмады, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Ауданға кіреберіс тұстағы әжетханаға қажетін өтеуге кірген қос азамат ондағы жағдайды көріп, таңырқап қалған. Дереу видеоға түсіріп, ол жайтты көпшілікпен бөлісуді жөн санапты. Желіде тараған видеодан қоғамдық әжетхананың жаңа екенін және онда салқындатқыш құрылғысы орнатылғанын байқауға болады. «Дәретханаға кондиционердің қажеті қаншалықты?» деп сауалын жолдаған видео авторы оны орнатқандарды әбден келеке еткен. Автордың бұнысы желі қолданушыларының кейбіріне жақпай қалды. Бірі аталған ауданда ауа райының тым ыстық болуынан орнатылған болар деп болжаса, келесі бірі қаржыны игерудің жолы деп пікірін қалдырған. Дегенмен басым көпшілігі оның еш әбестігі жоқтығын айтып, автордың өзін сынның астына алды.