Журналистика саласында өзіндік қолтаңбасы бар Қуандық Шамахайұлы ел қазынасын толтырудың жолдарын ұсынып, тарифті көтеруге қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.
Бюджетті толтырудың қамын ойлаған Қуандық Шамахайұлы бұл туралы ұсынысын желідегі парақшасында бөлісті.
«Бюджетті толтырудың жолдары: Парламентті бір палаталы ету, ҚХА, БАҚ-ты, партияны қаржыландырмау. Министрлік санын бестен асырмау,»-деп жазды ол. Бұдан өзге автор тарифті көтеруге қатысты да пікірін білдірді. Оның ойынша, тарифті көтеріп, ауыртпалықты тек халыққа сала бергенше, үкімет өзі әрекет жасауы тиіс. Соның ішінде мемлекеттік, ұлттық атауы бар жоғары оқу орындарын қаржыландыруды тоқтату қажет. Себебі журналистің пікірінше білім ордалары бұрыннан бері коммерцияланып кеткен. Мұны оқыған желі қолданушылары автордың ұсынысымен келісіп, кейбірі өз нұсқауларын да қосты. «Шетелден кеңесшілер шақырмау», «Банктерге өз күніңді өзің көр деу керек, әйтпесе, олар «ауыра» береді, халықтың есебінен сауықтыруды доғару керек» деп жазды желідегілер.