Полицейлер видеоға түсірмек болған жүргізушіні көліктің терезесінен суырып түсірді (ВИДЕО)

Өзінің құқығын алға тартып, видеоға түсірмек болған жүргізушіге күш қолданған полицейлер сынның астында қалды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Бұл оқиғаны әлдекімдер видеоға түсіріп, желіге таратып жіберген. Онда шенді қызметкерлер Hyundai маркалы автокөілігін тоқтатады. Сол сәтте көлік жүргізушісі дереу видеоға түсіре бастаған сәтте полицейлердің бірі қарсылық танытады. Алайда жүргізуші видеотүсірілім жасауға құқығы барын алға тартқаны сол ашуға булыққан полицей оны терезеден суырып алып шығады. Мұны көрген желідегілер погондағы қызметкерлердің әрекетін заңға қайшы деп пікір қалдырса, басым көпшлігі бұл «Патруль» сериалының түсірілімі екенін айтып, жай ғана сценарий желісімен түсрілген эпизод деп болжады. Айта кетерлігі, желідегілердің пікірі бойынша түсіріліім Алматы облысында орын алған екен.

В статье: