Түркістанда көмірге кезекке тұрғандар желіні шулатты (ВИДЕО)

Түркістанда жүк көліктернің кептелісі Алматыны шаңында қалдырды, деп хабарлайды NewTimes.kz ақпараттық агенттігі.

Желіде тараған видеода көмірге таласқан тұрғындар мен ұзын-сонар кезекте тұрған жүк көліктерін көруге болады. Автордың айтуынша, бұл Түркістандағы елдімекендердің бірінде орын алған. Мұны көрген желідегілер ашуға булығып, «Жылағым кеп кетті, күлетін нәрсеге ұқсамайды. Өз мемлекетімізде көмір шыға тұра осындай кезекке тұру деген сұмдық қой», «Көмір деген алтыннан да қымбат заман болды ғой қазір», «Қайтеміз газ келмеген ғой әлі» деп жазды. Ал кейбірі мұндай жағдай тек бір ғана Түркістанда орын алмағанын алға тартты.

Тағы оқыңыздар: Талдықорған базарында ұрлық жасаған әйелдің масқарасы шықты (ВИДЕО)

«Арыста да аз емес кезек», «Ағайындар, Таразда осындай жағдай. Екі вагон көмір бір сағатқа жетпей бітіп қалып жатыр. Бағасы деген 17500, тағы көтеріледі дейді. Кезекті сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, елдер қонып жатыр» деген пікірлерін қалдырды.

В статье: