Қазақ тойларының бірінде жартылай жалаңаштанып би билеген бойжеткен сынының астында қалды, деп хабарлайды NewТimes.kz ақпараттық агенттігі.
Биші арудың тойда билеген сәтінің видеосы желіде тарап, оны ел қызу талқылап жатыр. Басым көпшілігі бишінің киімін қатты сөкті. Желідегілер жасы мен қариясы жиналатын мұндай көпшілік кештерде ашық-шашық киіммен өнер көрсетуді әдепсіздікке жатқызды. «Масқара, не боп барамыз? Көпшіліктің алдында, бүлдіршіндер қарап тұр», «Осыны да би деп шығарып тұрсыздар ма? Қазақ деген атымызға кір келтіретін осындай қыздарға тіптен қарауға да ұят...», "Одан да тырдай жалаңаш билей салуы керек, осыны да киім дей ме?» деген желідегілер мұндай бишілерді тойына шақыратын той иелерін де сынның астына алды.
Тағы оқыңыздар: Бата беремін деп сөзінен жаңылысқан қария күлкіге қалды (ВИДЕО)
Айтпақшы, желідегілердің болжамы бойынша бұл думанды кеш Алматыдағы мейрамханалардың бірінде орын алған болуы мүмкін.