Бесік түбегіне арақ құйып, қонақтарға таратқан шымкенттік асаба жұрттың жағасын ұстатты

Шымкентте бесік той жүргізген асаба келген қонақтардың көңілін көтеру үшін ерекше әдіс тауып алды, деп хабарлайды NewТimes.kz ақпараттық агенттігі.

Фото vlast.kz

Бұл туралы шымкенттік тұрғын желі парақшасында жария етті.

«Біз не көрмедік? Бесік тойда нәрестенің түбегіне арақ құйып, оны "Бөпенің алғашқы сі..гі (автор: зәрі), ішсең ем болады" деп қонақтарға шүмекпен арақ ішкізген асаба əйелді де көрдік қой...» деп жазды желі қолданушысы. Бұны оқыған желідегілер жағасын ұстап, асабаның әрекетін масқараға теңеді. Ал енді бір қолданушы бесік тойға келгендердің ішінен тоқтам айтатын бір адамның табылмағанына қынжылды.