Алматыда шатырынан су аққан автобус жолаушылардың ашуын туғызды (ВИДЕО)

Алматыда қыс басталмай жатып қаладағы қоғамдық көліктері сыр бере бастады. Бүгін №120 бағытта қатынайтын автобустың шатырынан су ағып, бұл жайт жолаушылардың ашуын туғызды.

Аталған сәт түсірілген видеоролик Instagram әлеуметтік желісіндегі eap_kz парақшасында жарияланды. Онда алматылықтар «Оңай» картасы енгізілгелі қаладағы автобустардың жағдайы толық түзелмегенін айтып, наразылықтарын білдірген.

«№120 автобуспен бұрын күнде оқуыма қатынайтынмын. Мұндай шатырдан су кеткен жағдай бұрын да болып тұратын. Артқы орындықтар су болғандықтан ешкім отыра алмайды», ― дейді аталған видеоға пікір жазған алматылық тұрғын.

Айта кетейік, биыл Алматының автопарктері жүздеген жаңа автобустармен толықты. Олардың көбі мүгедек жандардың мініп-түсуіне жайлы етіп жасалған. Қала әкімдігі келер жылы да Алматыға жаңа автобустардың жеткізілетінін мәлімдеп отыр.

В статье: