Қызылордада жеті жастағы бала бассейнге батып кетті, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі, Polisia.kz порталына сілтемі жасап.
14 желтоқсанда Қызылорда қаласындағы спорт кешендерінің бірінде 7 жастағы бала бассейнге батып кетіп, тұншығып, қайтыс болды.
«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау салдарынан абайсызда өліміне әкеп соққан әрекеттер» және «Тұтынушылар өмiрiнiң немесе денсаулығының қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн қызметтер көрсету нәтижесінде абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекеттер» баптарымен тіркелді», — деп хабарлады тәртіп сақшылары.
Осы оқиғаға жол берген кінәлі адамды анықтау және іс-әрекетке құқықтық баға беру бағытында қажетті сот-сараптамалары тағайындалып, кешенді тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Қылмыстық іс Қызылорда облысының полиция департаменті бастығының жеке бақылауына алынды.