Шымкентте көрермендер тегін концерт үшін есік сындырып, шу шығарды

Шымкент қаласындағы Түркістан сарайында өткен концерттің соңы айқай-шумен аяқталды.

Кадр из видео

Бұл туралы ZTB Telegram-каналы хабарлайды.

12 маусым күні Шымкентте тегін концерт өтуі керек болатын.

Алайда адамдардың айтуынша, зал лық толы болғандықтан, артық адам кіргізбейміз деп есікті жауып қойған. Ал сыртта қалып қойған адамдар бір-бірін итеріп, баса көктеп залға кірмек болды.