7 бала қайтыс болды: TikTok желісіне ата-аналар арыз түсірді

TikTok әлеуметтік желісі арқылы қауіпті челлендж түсіріп қайтыс болған жеті баланың ата-анасы сот ісін қозғауда, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Фото:unsplash.com

TikTok желісіне қарсы арызданушы ата-аналардан бірден бірнеше сот ісі қозғалған. Олардың балалары қауіпті қара челленджге қатысқаннан кейін көз жұмған. Челендждің шарты мойынға белдікті қысып байлау болған. Қаза тапқандардың отбасы әлеуметтік желінің қауіпті іс-қимыл көрсететін бейне роликтердің таралуына шектеу қоймағанына наразы.

«TikTok әлеуметтік желісі кейбір челлендждерді жарнамалайтын және насихаттайтын болғандықтан, ол өзінің қосымшасында жарияланған және таратылатын бейнелерді бақылауға міндетті. Платформа қауіпті челлендж роликтерінің жарияланбауын, таратылмауын және ұсыныстарда болмауын қамтамасыз етуі керек», — делінген шағымдардың бірінің мәтінінде.