Шымкенттік полицей көлігімен үш адамды қағып кетіп, біреуі көз жұмды

Шымкентте BMW автокөлігін тізгіндеген полицей жаяу жүргіншілерді қағып кетті, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Фото google.com

Оқиға 18 тамыз күні Жібек жолы көшесінің бойында орын алған. 1985 жылы туылған шенді көлігін басқара алмай үш жаяу жүргіншіні қағып кетеді. Оқиға орнында 1980 жылғы азамат көз жұмды. Ал 1981 жылғы келіншек пен 2010 жылы туылған бүлдіршін дене жарақаттарымен аураханаға жеткізілді. Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, жол көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірқатар сараптамалар тағайындалған, ал күдікті тергеу абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.