Қостанай облысының әкімі аса маңызды құрылыс алаңдарын аралап шықты

Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов «Kostanay Plaza» сауда ойын-сауық орталығының құрылыс барысымен танысты. Құрылыс алаңының көлемі – 68 мың шаршы метр. Қазір мұнда нысанның ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Орталықта бассейн, монша және сауна ашылады. Жобаны ағымдағы жылдың тамыз айында аяқтау жоспарлануда. Бұл жобаның Қазақстанда баламасы жоқ екенін атап өту керек.

Одан әрі «Қонай» шағын ауданының құрылыс барысын тексерді. Осы шағын ауданда жалпы ауданы 145,7 мың шаршы метр болатын 30 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. Сондай-ақ, жеке тұрғын үй құрылысына учаскелер бөлінген. Қазіргі уақытта 19 несие үйінің құрылысы жүргізілуде. Коммуналдық желілер тартылады.

Облыс әкімі құрылысшылармен кездесіп, бетон тасымалдау мәселелерін шешу барысын талқылады. Осы мақсатта Қостанай қаласында бетон зауытын орнатуға жер учаскесі бөлінеді. Зауыт құрылысы алдағы жылы басталмақ.

Сапар қорытындысы бойынша Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметовке жоспарланған жобалардың іске асырылуын бақылауда ұстауды тапсырды.