Ақтөбе мен Алматыдағы терактіге ешқандай ұйымның қатысы жоқ — Е.Қарин

Саясаттанушы Ерлан Қариннің пікірінше, маусым-шілде айларында Ақтөбе мен Алматы қалаларында орын алған лаңкестік оқиғаларына әлемдік экстремистік ұйымдардың еш қатысы жоқ.

«Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында танымал сарапшы қазақстандық лаңкестердің қайдан пайа болғаны жайында да айтып берді.

«Ақтөбе мен Алматыдағы терактіге ешқандай да ұйымның қатысы жоқ деп нық сеніммен айта аламыз. Бұған дейін де айтылғандай, бұл жергілікті радикалдық топтың ұйымдастырған бір əрекеті. Мұндай топтарды сарапшылар өзара «Ұйқыдағы топтар» деп айтады, себебі, олар нақты бір жоспары жоқ, белгілі бір ұйымның бөлшегі емес, өз бетімен құрылып, бұрын аса бір əрекеттерді жасамаған жəне белгілі бір радикалды идеологияның жақтаушысы. Бұл топтарға əлеуметтік желідегі шет елдің пропагандалық бейнеро ликтері мен фото суреттері əсер етуі мүмкін. Мəселен, 2013-2016 жыл дардың аралығында ДАИШ тарапынан қазақ стан дық содырлар дың қатысуымен 5 ресми видеосы таратылған. Одан басқа, Орталық Азия елдерінен Сирияға кетіп, соғы сып жүр гендердің əлеу мет тік желілердегі көпте ген ак каунт тарын есеп те ме ген де жүздеген түрлі əуесқой деңгейде түсі ріл ген фото-видео материалдары жүр. Өкі ніш ке қарай, радикалдар осындай роликтерді əсіресе «Вконтакте» əлеуметтік желісінде емін-еркін таратып отыр. Ақтөбе оқиғасына қатысқан радикалдық топ ДАИШ немесе əл-Каиданың ешқан дай мүшесі немесе бөлшегі емес. Бірақ та, олардың тосын əрекетке баруына интер неттегі жанама үндеу əсер етуі мүмкін. Мысалы, Ақтөбе оқиғасынан 2 апта бұрын бірқатар əлеуметтік желілерде ДАИШ тобының бір көсемдері теракті жасауға шақырған аудиоүндеуі таратылған болатын. Осы үндеуде бірнеше елдер аталған болатын, сондықтан, мұндай оқиғалар кез келген елде орын алуы ықтимал. Мəсе лен, Бангладеш, АҚШ, Франция елдерінде орын алған соңғы террорлық актілер осымен байланысты болуы мүмкін. Содан болар, мамыр айының соңында АҚШ Мемлекеттік департаменті өз азаматтарына Еуропа елдерінде жаздың үш айында орын алуы мүм кін терактілер туралы алдын ала хабарлаған болатын. Бұл кездейсоқ ескерту емес. Біріккен Ұлттар Ұйымының соңғы мəліметтері бойынша, əрбір мұсылман үшін қасиетті болып есептелетін Рамазан айы кезінде ДАИШ жақтастары əлемнің 16 түрлі елінде 393 террористік шабуыл ұйымдастырған екен», — дейді саясаттанушы.

Естеріңізге салайық, Ақтөбе мен Алматыдағы терактілерден бүгінге дейін 15 адам қаза тапты. Бұл оқиғалардан кейін Оңтүстік Қазақстан облысында діни ақпараттық жұмыс топтары құрылып, бүгінде аудан-ауылдарды аралап жүр. Басты мақсат - халықтың діни сауатын ашып, теріс ағымдармен күресу.